Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалық стадион аумағындағы саябақ қоқыстан тазартылды.
«Ақкөл – таза өлке» тақырыбындағы ауқымды экологиялық акцияға 250-дей адам атсалысты. Олардың қатарында еріктілер ғана емес, сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен мәслихат депутаттары және әскери қызметшілер болды. Ауқымды шара арқылы ұйымдастырушылар халықтың экологиялық тазалыққа жауапкершілігін арттыра түсуді көздейді. Осыған дейін өзен жағалауы, орман алқаптары мен өндірістік аймақтар қоқыстан тазартылып, 5 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды. Бүгінгі акция аясында 176 қап қоқыс жиналды.
Назарбек Көкенұлы, Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты:
Акцияның негізгі мақсаты - біріншіден, біздің Ақкөлімізді тазалау, екіншіден, жастарға және халыққа табиғатты қорғау, аялау және тазалықты сақтауға шақыру. Яғни, мұндай акциялардың жиі өткізілуі өте дұрыс. Себебі азаматтар өз жауапкершілігін біледі және табиғатты аялауды үйренеді деп есептеймін.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте «Таза бейсенбі» шарасы тағы да ұйымдастырылды
21.05.2026, 13:30
Жаңатас қаласында спорт кешені ашылды
21.05.2026, 13:27
Шыңғыс хан туралы америкалық бестселлер қазақша шықты
21.05.2026, 13:24
Оралдағы ең көне театр жаңартылды
21.05.2026, 13:21
Балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді
21.05.2026, 13:18
Павлодар аймағында өңдеу саласы дамып келеді
21.05.2026, 13:15
3 өңірде ағын су тапшы болуы мүмкін
21.05.2026, 13:12
Аббас Аракчи: Келіссөзге де, соғысқа да дайынбыз
21.05.2026, 13:09