Аруларымыз Азия чемпионатын сәтті аяқтады
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырдағы Азия чемпионатын аруларымыз сәтті аяқтады. Жалпы есепте екінші орында тұрмыз. Үндістан құрамасы алға шықты. Қазақ қыздарына бұйырғаны құрлықтық доданың екі алтын, бір күміс және екі қола жүлдесі.
Әйелдер боксынан Қазақстан ұлттық құрамасының аға бапкері Елдос Сейдалин Азия чемпионатына өткен жылы ішкі біріншілікте топ жарған бұрымдыларды алып келген болатын. Нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай. 70 келі салмақтағы Бақыт Сейдіш біздің құрама сапынан бас жүлде үшін таласқан аруларымыздың алғашқысы болып шаршы алаңға көтерілді. Қарсыласы үндістандық. Екеуара бұрын-соңды кездеспеген. Бірінші раундты ширақ қимылдап, жерлесіміз өз пайдасына шешкенімен, қалған екі кезеңде тәжірибесінің аздығынан жеңілісітің кермек дәмін татты. Жастар сапында төрт дүркін құрлықтық доданың жеңімпазы атанған Бақыттың бұл ересектер арасындағы алғашқы күміс жүлдесі – жақсы жетістік.
Бақыт Сейдіш, бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері:
80 келі салмақтағы Наджеда Рябец жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Жерлесіміздің де ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты. Өзбек қызына қарсы шаршы алаңға көтерілген ол алғашқы раундттан бастап, жекпе-жек тізігін өз қолына алып, кездесу соңына дейін өз басымдылығын ұстап тұрды.
Надежда Рябец, бокстан Азия чемпионы:
Қуанышымда шек жоқ. Бапкерлер бірінші раундттан бастап алға ұмтылып, дәл соққы жасап, сауатты қорғана біл деді. Сол айтқандарын бұлжытпай орындап, осындай керемет жетістікке жетіп отырмын. Бұл нәтижемен тоқтап қалмаймыз. Алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғау үшін барымды саламын.
Аса ауыр салмақтағы Дина Исламбекованың жеңісі еш күмән туғызған жоқ. Үндістандық қарсыласын бірінші раундтың өзінде есеңгіретіп, төреші есеп ашқан. Дегенменде жекпе-жек соңына дейін өз шеберлігін көрсете білген жерлесіміз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы