Ақмола облысында жоғалған гидробекет қызметкерін әлі іздеп жатыр
Ақмола облысының Астрахан ауданында жоғалып кеткен гидробекет қызметкері әлі іздестіріліп жатыр. 60 жастағы ер адам 5 сәуір күні Қалқұтан өзеніндегі судың деңгейін өлшеу үшін таңғы сағат бес жарымда үйінен шыққан. Содан бері еш хабар жоқ. Жоғалған адамды іздеуге катер мен сүңгуірлердің екі тобы жұмылдырылған.
Айта кетейік, бұл күндері ауылға еріген қар суы өткен жылмен салыстырғанда екі
есе көп келді. Яғни бірден 5 ауданнан көлемі 50 млн текше метрге жуық су келіп,
өзеннің арнасынан асып кетуіне
себепші болған. Қазір өзен деңгейі 10 см-ге төмендеді. Қызметкерді іздеу жұмыстары жалғаса береді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23