Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында барлық салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалдық бәсекелер аяқталып, шешуші сынға жолдама алғандар белгілі болды. Қазақстан құрамасы сапынан 8 былғары қолғап шеберіміз алтын үшін айқасатын болады.
Әйелдер боксында 48 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева екінші мәрте Азия чемпионатының қола жүлдесіне қол созды. Шаршы алаң иесімен шешуші сын жолдамасын сарапқа салған Әйгерім бірінші раундтан бастап, дәл соққылар жасап, ширақ қимылдаған. Алайда төрешілердің бүйрегі моңғол қызына бұрып, оның финалға шығарып жіберді. Ал 75 келі салмақтағы Сабыржан Аққалықов болса, Әйгерімінің кеткен есесін қайтарып, моңғол боксшысын үш мәрте есеңгіретіп, жекпе-жекті мерізімінен бұрын аяқтап, финалға шықты. Ендігі оның бас жүлде үшін қарсыласы Өзбекстан боксшысы болмақ. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайда шаршы алаң иесін ұтты. Бірінші раундта есеп ашқан ол кездесу соңына дейін өз басымдылығын ұстап тұрды. Финалда ол өзбекстандықпен Азия чемпионы атағына таласады. Ал команда капитаны Әлем чемпионы аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай түркіменстандықты ұтып, финалға шыққандар қатарын толықтырды.
60 келі салмақ дәрежесінде тәжірибелі Әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов ұпай саны бойынша өзбекстандық қарсыласын ұтып, енді алтын үшін соңғы кездесуін өткізетін болады. Екеу ара жекпе-жекте Оразбек алғашқы раундтан бастап, ширақ қиымылдап дәл соққылар тигізе білді. Финалда оны үндістан боксшысы күтіп тұр.
90 келі салмақтағы Сағындық Тоғамбай өзбекстандықтан ұтылып, қола жұлде алды. Азия чемпионатында әйелдер боксының финалы сәуірдің 9-ы, ал ерлер арасында 10 сәуірде өтеді.
Автор
Телжан Күдеров
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақ бантик»: Түлектер желіде жаңа челлендж бастады
24.05.2026, 20:00
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
24.05.2026, 19:59
Арықтататын дәрілердің ағзаға зияны қандай?
24.05.2026, 19:56
Қытайда шахтадағы апаттан 90 адам қаза тапты
24.05.2026, 19:54
Мемлекет жалға беретін баспана мен жалға алу құнын субсидиялау: Шарттары қандай?
24.05.2026, 19:52
Жұмысшының еңбек құқығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?
24.05.2026, 19:51
Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
24.05.2026, 19:50
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08