Талдықорғанда Мұқан Төлебаев атындағы «Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» вокалистер мен дирижерлер байқауы өз мәресіне жетті. Биыл бұл дода алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, әлемнің түкпір-түкпірінен 50 вокалист пен 25 дирижер бақ сынауға келген.
Іріктеу кезеңінен өткен 35 өнерпаз облыс орталығында халықаралық дәрежедегі төрешілер алдында өнер көрсетті. Байқаудың басты мақсаты - дарынды тұлға, комопозитор, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаевтың шығармашылығын насихаттау. Сондай-ақ, классикалық музыкада жас таланттарға жол ашып, олардың есімін әлемге таныту.
Әли Алпысбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының мүшесі:
- Бұл енді біздің арманымыз болатын. Мен өзім қуаныштымын. Қаншама жастар бүгін өзінің өнерін көрсетті.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ