Басты Жаңалықтар Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды

Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды

Моңғолия астанасы Ұланбатырда бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бұл сынға 22 елдің 250 былғары қолғап шеберлері келген. Олардың арасында қазақстандық боксшыларда бар. Шаршы алаң бәсекесінде ерлер мен әйелдер он-он салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдерін анықтайды. Бүгін ұлттық құрама сапында ағайынды Сабырхандар өздерінің алғашқы кездесулерін сәтті өткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Ұланбатыр төрінен Телжан Күдеров тарқатады. 

Алдымен шаршы алаңға Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан көтерілді. Ересектер арасындағы өзінің алғашқы Азия чемпионатында 70 келі салмақта сынға түсіп жатқан жерлесіміз,тәжікстандықпен қолғап түйістірді. Әрине, алғашқы раундта бірінші жекпе жегі болғандықтан қарсыластың шама шарқын байқады. Ал қалған екі кезеңде кездесуді өз қолына алып, жеңіске жетті. Қазақтық салмағы саналып кеткен 70 келіде  сынға түсіп жатқан ол, «Азия чемпионы атану үшін еш аянып қалмаймын» дейді. Ендігі оның жартылай финалдағы қарсыласы Қытай боксшысы болмақ.

55 келі салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан мен өзбек боксшысының арасындағы жекпе жекті барша жанкүйер асыға күтті. Өйткені төреші кімнің қолын көтерер екен деп. Екеу ара бұған дейін үш мәрте кездесіп,жерлесіміздің мерейі үстем болған. Бұл жолы есе қайтарудың барлық амалын қарыстырған қарсыласы қалайда жеңіске жетемін деп алға ұмытылды. Және алғашқы екі раундты өз пайдасына шешкен. Бұл жерге тек алтын үшін келген Махұмд, барын салып, тағы өз басымдылығын байқатып, жеңісті жұлып алды. Енгдігі жартылай финалда ол шаршы алаң иесімен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік Ұланбатыр төрінде керілген шаршы алаң бәсекесі 10 сәуірге дейін жалғасады. Барлық жекпе жектерді Қазспорт арнасының эфирінен көреаласыздар.

Телжан Күдеров

Бөлісу