ҚазҰУ-да «Жастар - ұлт тірегі» атты көрме өтті
Алматыда Жастар жылына орай Елбасы кітапханасының «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасы қолға алынды. Бұл - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметін жұртшылыққа кеңінен таныстыруға бағытталған іс. Шара аясында алдымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жастар - ұлт тірегі» атты көрме ашылып, архив материалдар, кітаптар мен жәдігерлер, Тұңғыш Президенттің қолжазбалары, хаттары көрсетілді. Ал, жобаның салтанатты ашылуында Қазақстанның Мемлекеттік күзеті президенттік оркестрі өнер көрсетті.
Әмірхан Рахымжанов, Елбасы кітапханасының директоры:
- Тараз қаласында да көрме өтеді. Одан кейін шет мемлекеттерге, Жапонияға барамыз ба деген ойымыз бар. Жалпы, Шығыс Қазақстанға, Павлодарға да барамыз.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10