2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
Таяу Шығыс елдерінде, соның ішінде Иранда 2500-ден астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі мәлімдеді. Саясат Нұрбектің сөзінше, ведомство қазіргі уақытта жағдай шиеленісіп тұрған аймақтағы 12 елдегі Қазақстан елшіліктерімен тұрақты байланыста. Студенттердің басым бөлігі, яғни 1 700-ден астамы Біріккен Араб Әмірліктерінде оқып жатыр. Министр аймақтағы жоғары оқу орындарының көбі онлайн форматына көшкенін айтты. Оның пікірінше, бұл жағдай Таяу Шығыста білім алып жатқан студенттердің, соның ішінде шетелдік азаматтардың оқу орнын ауыстыру туралы өтініш білдіруіне мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мұндай өтінімдерді қабылдап жатыр. Министрлік оқуын Қазақстанға ауыстырғысы келетін студенттерден 500-ден астам өтініш тіркеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы