Ауылда жұмыс істегені үшін үстемақы төлеу ұзартылады
Ауылдық жерде жұмыс істегені үшін 25% үстемақы
төлеу тағы 1 жылға ұзартылады. Бұл өзгеріс ауылдық елді мекен санатынан қайта
құрылған Алатау қаласының денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім
беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар саласындағы мамандарға арналады. Үкіметтің қаулы жобасы Ашық
нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. Онда лауазымдық айлық
ақыдан 25% мөлшерінде уақытша белгіленген ауылдық қосымша ақыларды тағы бір
жылға сақтау туралы көрсетілген.
Еске салайық, Алматы облысы Іле ауданындағы
Жетіген ауылы 2024 жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының Жарлығымен облыстық
маңызы бар қала санатына жатқызылып, оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілді.
Ал аталған қаулы жобасы порталда 13 сәуірге дейін талқыланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы