Цифрлық теңгеге қатысты алдаудың жаңа түрі пайда болды
Алаяқтық жолмен алдаудың жаңа схемасы. Елімізде цифрлық теңгеге инвестиция салуға шақыратын жалған ұсыныстар көбейді. Ұлттық банк белсенді түрде таралып жатқан жалған мәліметтерге сенбеуге шақырады. Қаскөйлер сол арқылы тұрғындарға қысқа мерзімде мемлекеттен кірістілік пен қолдауға кепілдік барын айтып сендіруге тырысады. Олар жалған сайттар жасап, «шектеулі ұсыныс» немесе «соңғы мүмкіндік» деген желеумен қарапайым адамдарды ақша салуға шақырады. Сондай-ақ азаматтарды қайтадан ақша салуға итермелеу үшін жалған платформаларда «өсіп келе жатқан пайданы» көрсететін жеке кабинеттің де көрінісін жасап қояды. Ұлттық банк цифрлық теңге - инвестиция жасауға, яғни пайда табуға арналмаған және бұл ұлттық валютаның цифрлы түрі және заңды төлем құралы ғана екенін хабарлайды. Сонымен қатар, дербес деректерді жария етпеуге, SMS-код пен банк картасының деректемелерін хабарламауға, үшінші тараптағы тұлғаларға ақша аудармауға үндеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы