Ақмола мен СҚО-да қарғын су жолды шайып кетті
Ақмола облысындағы Игілік ауылының жолын еріген қар суы бұзып кетті. Салдарынан ауылмен қатынас үзілді. Себебі елді мекенге апаратын екінші жолмен де жүру мүмкін емес, дейді тұрғындар. Олардың айтуынша, жол былтыр күзде ғана жөнделген. Алайда сапасыз жасалғаннан шыдас бермеген. Аудан басшылары жолды жақын арада қалпына келтіруге уәде берді. Ең бастысы елді мекеннің өзіне қарғын судан қауіп жоқ.
Серік Исаханов, Зеренді ауданы әкімінің
орынбасары:
Аталған жолға 2025 жылы жаз айында су өткізу құбыры жасалынған болатын. Аталған жұмысқа 14 млн-ға жуық қаражат жұмсалған болатын. Бүгінгі таңға мердігер аталған жерге шақырылды. Яғни қазір жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ал Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында республикалық маңызы
бар тас жолды қарғын су шайып кетті.
Дегемен көлік қатынасы тоқтаған жоқ. Аққұдық ауылының маңында төтенше жағдай
қызметі кезекшілік атқаруда. Облыста су тасқыны болуы мүмкін 112 елді мекен
тіркелген. Ол ауылдарда 7 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Өңірдегі басты
гидронысан саналатын Сергеев су қоймасының деңгейі әзірге бірқалыпты.
Әсет Шайкин, СҚО ТЖД басқармасының бастығы:
Жайылған судың ені 200 метрге дейін жетті. Жолдың үстінен 10 сантиметрге көтерілді. Мамандар тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Көліктер еш кедергісіз жүріп жатыр. Қазір су деңгейі төмендеп келеді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10