ӘЧ: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр
Прага қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр.
22 жастағы қазақстандық спортшы Диас Жиренбаев жарыстың екінші күнінде 59,34 ұпай жинады. Жиренбаев үшін бұл әлемдік біріншіліктегі алғашқы өнері. Турнирге Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров барған жоқ. Жыл басында Италияда өткен қысқы Олимпиададағы жеңісінен кейін ол мансабында үзіліс алуға шешім қабылдаған. Дәл осы Жиренбаев маусымның басты додасында құрама көшбасшысының орнын басуға мүмкіндік алды. Қысқа бағдарламада барлығы 36 мәнерлеп сырғанаушы бақ сынайды. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі үздік өнерпаздар бар. 28 наурызда өтетін еркін бағдарламаға жолдама алу үшін спортшылар ең үздік 24 қатысушының қатарына енуі қажет. Сондай-ақ бұл турнирде Қазақстан намысын Софья Самоделкина да қорғап жатыр. Ол өзінің қысқа бағдарламасын бір күн бұрын орындап шықты. 66.95 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға тұрақтады. Осылайша, қазақстандық спортшы еркін бағдарламада ел намысын қорғауды жалғастырады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді
26.03.2026, 20:59
Наурыз мейрамы тойланды
26.03.2026, 20:57
Наурыз-думан сән-салтанатпен аталды
26.03.2026, 20:54
5000 адам «Ақбұлақ» әнін бір мезетте орындады
26.03.2026, 20:52
Алматыда бірлікті бейнелейтін арт-нысан ашылды
26.03.2026, 20:48
«SuperStar KZ» қайта оралды
26.03.2026, 20:47
Премьер-министр елдегі ең ірі электр станциясының құрылысымен танысты
26.03.2026, 20:16
Шетелде жүргендерден де алимент өндіріледі
26.03.2026, 20:13