Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті

Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті

Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті

Қарағанды өңірі Наурыз мейрамын айрықша сән-салтанатпен атап өтті. Өңірдің барлық қала-ауданында ұйымдастырылған думанды шаралар дәстүр мен жаңашылдықты сабақтастырып, әрбір тұрғын мен қонақты жаңару мен үйлесім мерекесінің ажырамас бөлігіне айналдырды.

Қалалардың орталық алаңдарында этноауылдар бой көтеріп, тақырыптық киіз үйлер тігіліп, театрландырылған қойылымдар, айтыс пен концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Мерекенің ең ауқымды алаңдарының бірі Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылды. 

Мұндағы мерекелік атмосфера кіреберістен-ақ айқын аңғарылады: ұлттық нақыштағы сәнді арка, тулармен көмкерілген кеңістік және т.б. Мұнда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, сауда қатарлары, арт және фото аймақтар, сондай-ақ алтыбақан орналасқан.




Бөлісу