Шымкентте Наурыз мерекесі жаңа форматта ұйымдастырылды
Шымкентте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілуде. Қаланың орталық алаңы саналатын «Астана» алаңында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Биыл Наурыз мерекесі жаңартылған форматта ұйымдастырылды. Қаладағы барлық іс-шара арнайы Digital-Наурыз платформасына енгізіліп, көпшілікке қолжетімді болды. Дәстүрлі онкүндік «Наурызнама» форматы сақталғанымен, мереке мазмұны жаңа технологиялық элементтермен толықтырылды. Мерекелік бағдарламаларда ІТ технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері кеңінен қолданылып, ұлттық құндылықтар мен заманауи үрдістер үйлесім тапты.
Астана алаңында өткен негізгі бағдарлама аясында жергілікті өнер шеберлері мен танымал орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама және театрландырылған қойылымдар ұсынылды.
Сонымен қатар алаңда дәстүрлі мәдениет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған шаралар ұйымдастырылды. Мерекеде ұлттық спорт ойындары - асық ату, гір көтеру, қошқар көтеру сияқты ойындар көрсетіліп, қатысушылар мен көрермендер үшін қызықты әрі тартымды көрініс жасалды. Жабдықталған аула мен алаңдарда ұлттық салт-дәстүр, дәстүрлі тағамдар және қолөнер бұйымдары таныстырылды.






Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы