Басты Жаңалықтар «Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі

«Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі

Жаңа Конституцияда адам құқығы мен бостандығын қорғау тетігі нығая түсті. Соның айқын көрінісі «Миранда» қағидатының Ата заңға енуі. Бұл бап елімізде тергеу әрекеттерінің ашық әрі әділ болуының басты кепілі.

«Миранда» ережесі 1963 жылы АҚШ-тың Аризона штатында алғаш қолданысқа енген. Содан бері құқықтық норматив әлемде кінәсіздік призумциясының басты қағидатына айналды. Қазақстанда бұл талап бұған дейін «Қылмыстық кодексте» айқындалса, енді еліміздің басты құжаты Ата заңға енгізілді. Бұл «адам құқығын қорғаудың конституциялық кепілі», дейді сарапшылар.

Ерлан Алтаев, Заң ғылымдарының кандидаты:

Миранда ережесінің мәні неде? Ұсталған азаматқа оның құқықтары түсіндіріледі. Не үшін ұсталғаны. Ертеңгі күнгі уақытта өзіне қарсы қолдануы мүмкін екендігі артық сөздері. Яғни, бір сөзбен айтқанда бұл ереже арқылы азаматтардың құқықтарын үстемдігі айқын көріне бастады.

«Миранда» қағидаты жаңа Конституцияның 18-бабында нақты көрсетілген. Яғни, құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда әрбір адам өзіне тағылған күдік туралы білуге, өзіне қарсы куәлік бермеуге және адвокат көмегіне жүгінуге құқылы. Заңгер мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мұндай заң талабы әлемдік тәжірибеде көбіне дамыған елдерде кездесетінін айтады.

Әмина Бақытбекқызы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті:

Жалпы «Миранда» ережесі қазіргі Конституцияда жаңадан ереже болып, бап болып қабылданып жатыр. Сондықтан мен мұны құптай аламын. Себебі, ол қазіргі дамыған барлық елдердің Конституциясында бар деп айта аламын.

Жаңа Конституцияда халықаралық адам құқығын қорғаудың негізгі принциптері толық ескерілген. Ал «Миранда» қағидаты Қазақстанның жазалаушы модельден құқыққорғаушы модельге бетбұрғанының айқын көрінісі.

Бөлісу