Басты Жаңалықтар Астанада «Ұлы Дала Ойындары» эстафетасы өтті

Астанада «Ұлы Дала Ойындары» эстафетасы өтті

Астанада Наурызнама онкүндігі аясында отбасылық «Ұлы Дала Ойындары» эстафетасы өтті. Ұлттық спорт күніне арналған бұл шараның биылғы форматы ерекше. Дәстүрлі ойындар жаңа технологиялармен үйлесім тапты.

Сайысқа әке, ана және 8-10 жас аралығындағы балалардан құралған 9 команда қатысты. Әр команда 5 отбасыдан тұрады. Олар үш кезең бойынша бақ сынасты. Ұлттық ойындар сайысында қатысушылар қой көтеру, садақ ату, тоғызқұмалақтан жарысса, сайыстың екінші кезеңінде жасанды интеллект элементтері қосылған тапсырмалар орындады. Осылайша, күш сынасып қана қоймай, технологияның мүмкіндіктерін де сезіне алды. Шешуші кезеңде арқан тартысып, әр команда мықтылығын көрсетті. Қатысушылар бұл жарыс отбасылық бірлікті нығайтатын маңызды күн екенін айтады.

Жақсылық Мұхаммеддин, эстафетаға қатысушы:

Біз бүгін отбасыммен бірге келіп отырмыз. Бала-шағамызбен Наурыз қарсаңында. Біз спортпен шұғылданамыз, сондықтан да күшті мерекеге жиналып отырмыз.

Айгүл Айтжанова, эстафетаға қатысушы:

Менің күйеуім марафоншы, үш марафон өткізді. Баламыз хоккей спортшы. Біз жүгіруді жақсы көреміз.

Азамат Белгібаев, қалалық спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы:

Бұл жаңа формат жәйдан емес. 2026 жылы жасанды интеллект жылы болғаннан кейін осы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар ат спорт кешенінде де ат спорт түрлерінен көрсетілулер өткізіліп жатыр. Оның ішінде айта кететін болсақ қыз қуу, аудараспақ, көкпар деген түрлерінен көрсетілімдер өтіп жатыр.


Бөлісу