Басты Жаңалықтар Конституциялық жаңғыру: референдумнан кейінгі диалог

Конституциялық жаңғыру: референдумнан кейінгі диалог

«Конституциялық жаңғыру: референдумнан кейінгі диалог». Бүгін осы тақырыпта өткен конференцияда депутаттар мен заңгер-ғалымдар Референдум қорытындысын сараптап, жаңа Ата заңның ережелерін іске асыру жолдарын талқылады. Ойларын ортаға салған спикерлер саяси-құқықтық жүйені жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын айтты. Халықаралық конференцияға онлайн қосылған шетелдік сарапшылар Қазақстанның жаңа Конституциясы заман ағымына сай қабылданғанын жеткізді. Билік тармақтарының тепе-теңдігі, цифрландыру дәуіріндегі құқықтардың қорғалуы, адам капиталы құндылығын арттыруға бағытталғанына оң көзқарастарын білдірді.

Марат Бәшімов, Мәжіліс депутаты:
Ол Құрылтай туралы, Халық кеңесі туралы мына заңдарды қазір орынды түрде тез қабылдау керек. Осы жұмыстың барлығы, қазір бүкіл жұмыстың барлығы, заң шығарушы органның жұмысы байланыста болуы керек. Оның маңыздылығын бәрі де түсініп отыр ғой, керектілігін, адам құқытарын қорғайды, заң үстемдігі, Конституция принциптілігі. Қазір осындай мақсат тұр, осының бәрін тезірек іске асырса деп.
Ермек Әбідрасулов, ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ғылыми қызметкері:
Әрине, 95-ші жылғы қабылданған Конституция өзінің жоспары қойылған. Олар орындалды. Ал енді қазір алдымызда көп жаңа мақсаттар тұр. Технология-революция кезеңі, цифрландыру кезеңі. Оның үстіне жасыл экономика деп жатырмыз. Ең бастысы – адам капиталы деп Конституцияда көрсетіп жатырмыз.


Бөлісу