Оқушылар роботтарды ұлттық ойынға қосты
Ақмолалық мектеп оқушылары робототехника арқылы қазақтың ұлттық ойындарын заманауи форматта жаңғыртты.
Көкшетауда робототехника турнирі 2019 жылдан бері өтіп келеді. Осы жолы оған қалалық мектептерден өзге аудандардан келген оқушылар да қатысты. Барлығы 25 команда теңге алу, асық ату, арқан тартыс сияқты басқа да ұлттық ойындарды робототехникамен ұштастырып, роботтарын жарысқа қосты. Осылайша ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, оқушылардың бойында инженерлік және техникалық қабілеттерін дамыту көзделген.
Нұртілек Нұрбекұлы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушысы:
Мен осы робототехникаға 7-сыныптан қатысып келе жатырмын. Яғни 12 жасымнан. Бір жыл бойы тәрбие алдым және бүгінгі біз қатысқан турымыз асық ату болды. Өзім ауылда өскенмін. Ауылда сол асық атып, балалармен далада асық ойнап, күні-түні. Өзім кішкентай кезімнен ойнап келе жатқан ойынды роботтарға ойнатқан өте қызық болды, ерекше сезім болды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23