1500 оқушы бір мезетте бес асық ойнап, рекорд жасамақ
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында көкшетаулық 1500 оқушы қыз бала бір мезетте бес асық ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енбек.
Көне ұлттық ойынды жаңғырту мақсатындағы игі шараға шаһардағы 27 мектептің оқушылары қатысуға ниет білдірді. Жалпы, бес асық ойыны ұлттық спорт ойындарының тізімінде «асық ату» деп тіркелген. Зерттеушілер асық ойынының 45 түрі бар десе, бүгінде оның тек екі түрі ұлттық спорт ретінде ойнатылады. Көкшетаулық қыздар бес асықтан ел біріншілігінің ғана емес, әлем кубогының чемпиондары атанған. Рекорд орнату рәсіміне бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы қатысып, қыздармен өз тәжірибесімен бөлісті.
Көгершін Думан, асық атудан (бес асық) әлем кубогының чемпионы:
Мен осы ұлттық ойынның спортшысы ретінде бүгінгі іс-шара өте қуантуда. Көп қыз баласы осы бес асық ойынын ойнап жатыр. Мен өзім бес асықпен айналысып бастаған кезде мұндай көлемде іс-шаралар атап өтілмейтін еді. Және де өте аз көлемдегі қыз бала ойнап бастаған едік. Қазіргі кезде осындай дәрежеге жеткені мені қатты қуантады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ақмола облысы бойынша асық ойынын бүгінде 7 мыңнан аса бала ойнайды. Себебі өңірдегі барлық дерлік мектептерде үйірме ретінде ашылған.
Айнагүл Балташева, облыстық Білім басқармасының басшысы:
Бес асықтан біздің ұлттық ойынымызды дәріптеу, насихаттауда, осында үлкен іс-шара өтіп отыр. Бұл деген біздің ұлттық құндылықтарға деген үлкен жанашырлықпен, соны ұлттық мұрамыз ретінде сақтау үшін дәріптеу үшін жасалған игі істердің бірі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы