15 наурыз Конституция күні болып белгіленді
15 наурыз Конституция күні болып белгіленді. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесуінде айтты. Президент жаңа Конституция, ең алдымен жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.Кездесуде белсенді жастар сөз сөйледі. Олар бір ай ішінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу өткізіп, оған 1,5 миллионнан аса азамат қатысқанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Енді жыл сайын 15 наурызды – Конституция күні, яғни еліміздің ең басты мерекесінің бірі ретінде қарсы аламыз. Сонда келесі жылы бұл дүйсенбі күні болады ғой? Амандық болса, бәріміз жиналып тойлаймыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Электросамокаттарға қатысты жаңа ереже: Нені білу керек?
30.08.2026, 20:00
Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толды
30.08.2026, 19:52
Автонесие: Проблемалық берешек көлемі 238 млрд теңгеден асқан
30.08.2026, 19:49
Құрылтайға қандай міндет жүктелді?
30.08.2026, 19:48
Конституцияға сай Үкімет отставкаға кетті
30.08.2026, 19:45
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа жүйесі: Қандай талаптар қойылады?
30.08.2026, 17:15
Қазақстан БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы үн қосты
29.08.2026, 20:19
Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары бір кітапқа жинақталған
29.08.2026, 20:13