Жаңа Конституциядан туындайтын заңдарды уақытылы қабылдау міндеті тұр
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда 19 наурызда өтетін Сенат отырысының күн тәртібі бекітіліп, маңызды мәселелер талқыланды. Мәселен, халықаралық азаматтық авиация, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және Қазақстанның халықаралық қаржы институттарымен әріптестікті кеңейту туралы қаралады. Сондай-ақ Жоғарғы Сот судьясын қызметтен босату, атом өнеркәсібін дамыту және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттардың жұмысын жақсарту мәселелері талқыланады. Спикер референдумда халықтың 87 пайыздан астамы жаңа Конституцияны қолдағанын атап өтті және бұл Мемлекет басшысының реформаларына бүкілхалықтық қолдаудың белгісі ретінде бағаланғанын атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне берік негіз болатын жаңа Ата заңға азаматтар тұтас ел болып қолдау көрсетті деп сенімді түрде айта аламыз. Шын мәнінде бұл реформа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы болып сайланғалы бері жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан саясатының дәйекті жалғасы. Осындай үлкен бір жұмыстың нәтижесі ретінде халық Конституциясы қабылданып жатыр. Алдымызда жаңа Конституциядан туындайтын заңдарды уақытылы қабылдау міндеті тұр. Ары қарай да бәріміз бірге Президентімізге, елімізге, мемлекетімізге қызмет ете береміз деп сенеміз.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Электросамокаттарға қатысты жаңа ереже: Нені білу керек?
30.08.2026, 20:00
Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толды
30.08.2026, 19:52
Автонесие: Проблемалық берешек көлемі 238 млрд теңгеден асқан
30.08.2026, 19:49
Құрылтайға қандай міндет жүктелді?
30.08.2026, 19:48
Конституцияға сай Үкімет отставкаға кетті
30.08.2026, 19:45
Педагогтерді аттестаттаудың жаңа жүйесі: Қандай талаптар қойылады?
30.08.2026, 17:15
Қазақстан БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы үн қосты
29.08.2026, 20:19
Мемлекет басшысының ой-тұжырымдары бір кітапқа жинақталған
29.08.2026, 20:13