Паралимпиада – 2026: Қоржында қос жүлде
Қоржында қос жүлде. Қазақстан Паралимпиада құрамасы ақ ойындарда осындай нәтиже тіркеді. 10 күнге жалғасқан аламанда жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз 18-орынға тұрақтады. Азат Қадырбек жарыстың соңғы күндеріне шолу жасайды.
14 наурызда әр қатысушының өнері қорытынды нәтижеге тікелей әсер ететін
ашық-эстафетада жерлестеріміз азулы құрамалардың алдын орап, тарихи нәтижені
тіркеді. Бұл бәсекенің ерекшелігі тік тұрып өнер көрсететіндер мен пара шаңғыға
қонғандар барлығы бірдей жарыс жолына шығады. Бапкерлік құрам бұл жолы Ербол
Хамитовқа басымдық беріп, алғашқы қос айналымды Паралимпиада чемпионы жылдам
еңсерді. Бейжің паралимпиадасының қола жүлдегері Александр Герлиц
командаластарының уақыт көрсеткішін жақсарта түсіп, 23 минут 18 секунд
нәтижесімен мәре сызығын кесті.
Александр Герлиц, парашаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Ашық-эстафета классикалық және еркін жүріс кезеңдерінен тұрады. Бүгінгі реттілік команда өкілдерінің нәтижелеріне сараптама жасай отыра бекітілді. Ербол екі айналымнан кейін бізге кезегін ұсынды. Үздік бестіктеміз. Көрсеткен өнеріміз көңілімізден шықты.
5-орынға тұрақтаған отандастарымыз командалық сында Бейжің
Паралимпиадасының нәтижесін қайталап отыр. Ал жарыстың соңғы күнінде 20
шақырымдық қашықтықта үздік нәтиже Александр Герлицке тиесілі. Ол жүлдеден бір
қадам жерде тоқтап тек қытайлық триоға есе жіберді.
Италия төріндегі ақ ойындарда 55 елдің 600-ден астам өкілі жүлдеге таласып,
79 медаль жиынтығын сарапқа салды. 7 отандасымыз қос спорт түрінде өз өнерін
ортаға салды.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05