Бүгін қазақстандықтар референдумда дауыс берді
Бүгін ел үшін маңызды күн. Республикалық референдумда Қазақстан халқы өз таңдауын жасады. Дауыс беруге тұрғындар белсенді қатысты.
Жастар жағы референдум учаскелеріне топ-топ боп келді. Мәселен Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде студенттер дауыс беру үшін кезекке тұрды. Маңызды күнде жас жұбайлар да өздері үшін маңызды таңдауын жасады.
Диас Қанатұлы, Хантағы ауылының тұрғыны:
Біз отбасы құрғалы бірінші үлкен қадамымыз. Еліміздің болашағына бір үлесімізді қостық деп санаймыз. Және де бұл қадам үлкен біздің болашақ балаларымыздың болашағына, жалпы өркендеуімізге үлкен үлес деп санаймыз.
Елден жырақта жүрген шетелдегі отандастарымыз да маңызды науқаннан шет қалмады.
Нұрзада Сақтағанов, жас ғалым:
Мәскеу облысы Дубна қаласы Біріккен ядролық зерттеулер институтынан бүгін референдумға өз үлесімді қосуға, маңызды қадам жасауға шешім қабылдадым. Референдум еліміздің саяси дауындағы үлкен маңызды қадам.
Көктемгі дала жұмыстары басталып, қауырт тірліккке қарамастан
Сыр өңірінің күрішшілері ел ертеңі үшін маңызды референдумға жауапкершілікпен қарап, ұйымшылдық танытты.
Ал Ақмоладағы сүт зауытының еңбеккерлері қауырт жұмыс кезінде үзіліс жасап, маңызды саяси науқанға ұжым болып, бірлесіп барды. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын адал еңбек иелері жолда әндетіп, референдум учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен жетті.
Маңызды науқаннан астаналық 81 жастағы егіз әжелер де қалыс қалған жоқ. Егіздер қоғамның тынысын, елдегі өзгерістерді жіті бақылап отырады. Қоғамдық іс-шараларға үн қосып, саяси науқандардан да тыс қалмайды.
Ермек Аймағанбетова, зейнеткер:
Көп үлкен кісілердің тілейтіні халқымыз, еліміз тыныш болсын заманымыз, нанымыз көп болса уайымымыз жоқ болса сол болды ғой бізге.
Референдум учаскелерінен мерекелік көңіл-күй де сезілді. Ақтөбеде таңдау жасауға келген тұрғындар бес бірдей баланың тұсау кесер рәсіміне куә болды.
Айнұр Ұлмағамбетова, қала тұрғыны:
Ұлы күнде тұсауы кесілгеніне қуаныштымын және осындай ұлы, атақты адамдарға тұсауын кестірдім. Сол кісілердің жолын берсін!
Спорт саңлақтары да саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар мемлекеттің одан әрі дамуына өз үлестерін қосты.
Осылайша еліміздің әр өңірі мен шет елдің рефендум учаскелерінде отандық спортшылар азаматтық ұстанымын танытты. Барлығының үміті бір. Ол тарихи шешуші сәттің ел болашағын жарқын етуге ықпал етуі.
Елдегі референдум барысын ондаған мемлекет пен бірқатар халықаралық ұйымдардың байқаушылары бақылады.
Ахмет Йенер, Түркия республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы
Бүгін Қазақстанның демократиясында өте маңызды күн. Референдум учаскелерін аралағанда барлық процестің ашық өтіп жатқанын байқадық. Азаматтар үшін ақпарат қолжетімді. Қазіргі уақытқа дейін 6 учаскеге бардық. Дауыс беру аяқталғанға дейін тағы бірнешеуін аралаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы