«СОЦИС-А»: Референдум бойынша Еxit poll нәтижесі жарияланды
«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» жеке қоры Zakon.kz сайтының тапсырысы бойынша 2026 жылғы 15 наурызда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өткен күні, дауыс беру учаскелерінен шыққан азаматтар арасында «exit poll» әдістемесі арқылы азаматтардың ерік білдіруінің алдын ала нәтижелерін есептеді. Сауалнамаға қатысушыларға референдум аясында келесідей сұрақ қойылды: «Сіз жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бердіңіз бе, әлде қарсы пікір білдірдіңіз бе?» Зерттеу нәтижелері: Жаңа Конституцияны қабылдауды қолдап дауыс бергенін айтқан азаматтар – сауалнамаға қатысқан, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,4%. Сайлау учаскелеріне келу деңгейі – 73,8%. Деректердің әлеуметтанулық қателігі ±1,5%.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы