Басты Жаңалықтар Ел тұрғындары саяси науқанды мерекелік көңіл-күйде қарсы алды

Ел тұрғындары саяси науқанды мерекелік көңіл-күйде қарсы алды

Референдум елдің басым аймағында мерекелік көңіл-күйде өтті. Дауыс беру учаскелеріне жиналған жұрт ұлттық дәстүрді ұлықтады. Тұсау кесер рәсімін өткізіп, сәбилерге ақ жол тілесті. Қыдыр ата бата беріп, ақжарма тілегін арнады. Көңіліге қуаныш ұялатқан ерекше сәттерді бір шолып өтейік. 

Ақтөбе облысы Есет батыр ауданындағы референдум күні ерекше оқиғамен есте қалды. Дауыс беру учаскесінде тұсаукесер рәсімі өтіп, ардагер спортшылар мен қоғам қайраткерлері сәбилердің тұсауын кесті. Учаскеге келген тұрғындар да дауыс беріп, балдырғандардың болашағына ақ тілектерін білдірді.

Айнұр Ұлмағамбетова, қала тұрғыны:

Ұлы күнде тұсауы кесілгеніне қуаныштымын және осындай ұлы, атақты адамдарға тұсауын кестірдім. Сол кісілердің жолын берсін!

Ал Ақмола облысында тұрғындар референдум учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен аттанды. Зеренді ауданындағы сүт зауытының еңбеккерлері қауырт жұмысты үзіліске алмастырып, ән шырқай отырып дауыс беруге жол тартты. Олармен ілесіп ауыл ақсақалдары да өз пікірін білдірді

Қалым Омаров, Симферополь ауылының тұрғыны:

7-8 балам, немерем мен шөберем бар. Заманымыз тыныш болсын! Сол үшін еліміз үшін, халқымыз үшін, отанымыз үшін, отанға тыныштық берсін.

Ал Жетісу облысында Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 100-ге жуық қорықшысы сап түзеп, референдум учаскесіне келді. Табиғат сақшылары ел үшін маңызды науқанға белсенді қатысып, азаматтық борыштарын орындады.

Молдахан Жанарбек, Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы:

Жалпы мұндай саяси науқандарға қатысу әрбір қазақстандықтың борышы деп санаймын. Екіншіден, осы мемлекетте қызмет атқарғаннан кейін, табиғатты қорғау саласында жүргеннен кейін, барлығымызға бүгінгі референдумға қатысуға міндеттімін деп ойлаймын.

Түркі жұртының рухани ордасы Түркістанда да жалпыұлттық референдум жоғары деңгейде өтті. Аймақтағы дауыс беру учаскелерінің біріне түйе мінген Қыдыр ата, кимешек киген әжелер мен ұлттық киімдегі жастар келіп, дәстүр жаңғыртты.

Мырзахмет Бекжігітов, Хантағы ауылының тұрғыны:

Еліміздің өсіп өркендеуіне, осы жастарымыз куә болады. Осы өсіп өнсін жастарымыз. Қазақстаннның бүкіл әлемге аты шығатындай дәрежеге жетуін нәсіп етсін.


Бөлісу