Басты Жаңалықтар Спорт саңлақтары да саяси науқанға үлес қосты

Спорт саңлақтары да саяси науқанға үлес қосты

Спорт саңлақтары да саяси науқаннан тыс қалмай, таңдауларын жасады. Әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылар мемлекеттің одан әрі дамуына осылайша үлестерін қосты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин Тай елінде дауыс берді. Боксшы Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы №453 учаскесінде дауыс берді. Головкин үшін елдің болашағын айқындайтын саяси науқан ерекше маңызды.
Ережесіз жекпе-жек шебері, танымал спортшы Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы нөмір 949 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Белгілі спортшының айтуынша, Қазақстандағы оң өзгерістер елдің спорттық әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.
Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай да референдумда азаматтық ұстанымын білдірді. Ол осындай маңызды күндері азаматтық ұстанымын білдіріп, таңдау жасауды аса маңызды деп есептейді.
Назым Қызайбай, бокстан Әлем чемпионы:
Бұл үлкен бір қадам деп ойлаймын. Бейжай қарамай, белсенді қатысуға бәрін шақырамын. Еліміздің әрбір азаматының міндеті деп ойлаймын.Сондықтан референдумға қатысып, өз таңдауларыңызды жасаңыздар.
Танымал спортшы, қазақстандық зілтемірші, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Алматы ауданындағы №60 сайлау учаскесінде бүгін дауыс берді. Ол референдумға отбасымен бірге келіп, азаматтық ұстанымын білдірді.
Осылайша еліміздің әр өңірі мен шет елдің рефендум учаскелерінде отындық спортшылар азаматтық ұстанымын танытты. Барлығының үміті бір. Ол тарихи шешуші сәттің ел болашағын жарқын етуге ықпал етуі.
Лаура Биғали


Бөлісу