Орал тұрғыны «Фиксиктер» мультфильмінің кейіпкері болып келді
Елдің әр өңірінде дауыс беруге ерекшеленіп келгендер де бар. Кейбір тұрғындар учаскеге тек креативті образымен келіп, жұрттың назарын аудартты.
Оралда тұрғындардың бірі референдум учаскесіне «Фиксиктер» мультфильмінің кейіпкері болып келді. Ерекше костюм киген азамат дауыс берушілердің ғана емес, көшедегі басқа адамдардың да назарын өзіне аударды. Оның бүгін осылай киініп келуіне мультфильм кейіпкерінің ұраны себеп болған.
Риддер тұрғыны шаңғышы аю образымен келді
Оралда дауыс берушілер қызықты костюм киіп келсе, Риддер қаласында керісінше сайлаушыларды шаңғышы аю қарсы алды. Қала тұрғындары ерекше кейіпкермен суретке түсіп, әлеуметтік желіге бөлісіп жатты.
Екі азамат «Зверополис» кейіпкерлерінің образымен келді
Алматыда қол ұстасқан екі адам «Зверополис» мультфильмінің кейіпкерлері қоян Джуди Хопс пен түлкі Ник Уайлдтың костюмдерін киіп келді. Екеуі бірге дауыс беріп, осындай кретиві үшін арнайы сыйлыққа ие болды. Ал, Өскемен тұрғыны тіпті таң қалдырды. Парапланерист Николай Петинцев учаскеге ұшып келді.
Өскемен тұрғыны учаскеге ұшып келді
Ол дауыс берген соң, парапланына қайтадан отырып, аспанға көтеріліп кетті. Осылайша, біреулер учаскеге кейіпкер болып келсе, бірі шаңғымен, бірі көкпен жетті. Бірақ бәрінде мақсат бір. Ол өз таңдауын жасау.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17