Бельгиядағы референдум учаскесінде заң бұзу дерегі тіркелмеді
Бір сағаттан соң Еуропада референдум учаскелері жабылады. Өзінің конституциялық құқын пайдалануға асыққан қандастарымыз соңғы сағаттарда ерекше белсенділік танытып жатыр. Бельгия мен Люксембургта оқу, жұмыс бабымен уақытша тұрып жатқан Отандастарымыз да таң атқаннан Брюссельдегі Қазақстан елшілігі жанынан құрылған №405-референдум учаскесінде дауыс беруде. Учаскелік комиссия мүшелері дауыс беру аяқталғанға дейін тіркелген азаматтардың барлығы өз таңдауын жасап үлгереді деген сенімде.
Мұрагер Сауранбай, №405 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
Бельгиядағы №405-референдум учаскесіндегі тіркелген азаматтарың 85 пайызы дауыс беріп үлгерді. Ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Азаматтарымыз Бельгияның әр провинциясынан келіп, арнайы уақыттарын бөліп, осы бір демалыс күндерін Елшілікте өткізіп жатыр. Дауыс беруден бөлек Наурыз аясында жайылған дастарханда бір бірімен тілдесіп, пікір алмасып, алдағы өтетін шараларға белсене қатысатындарын білдіріп жатыр.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12