Отбасы институты – ұлттың айнасы
Онлайн-марафон аясында сарапшылар отбасы институтын нығайту мәселесін қызу талқылады. Дискуссияны әріптесіміз Данияр Қайыртай да тыңдаған. Қазір тікелей эфирде баяндап береді.
Данияр Қайыртай, тілші:
Қоғамдағы ең маңызды құндылықтардың бірі – отбасы. Ал отбасының беріктігі мен қоғамның тұрақтылығы көбіне әйелдер мен балалардың құқықтары қорғалуына байланысты. Осы тақырып онлайн-марафон аясында қызу талқыланды. Сарапшылар кейінгі жылдары қоғамның мәдениетін, жауапкершілігін, бір-біріне деген құрметін көтеруге қатысты заңдар өзгергенін атап өтті. Бұның бәрі Заң мен тәртіп, Әділетті Қазақстан мемлекеттік идеологияларының аясында жүзеге асқаны да баяндалды. Бұл ретте осы аптада ғана Президенттің тапсырмасымен Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қызметі құрылғанын айта кетейік. Осындай институт ашылатынын мәлімдегенде мемлекет басышысы «мұндай жүйе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын кешенді түрде жолға қоюмен қатар, отбасы саясатындағы басқа маңызды түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді» деген еді. Онлайн-марафон жалғасып жатыр. Біз осы алаңнан алдағы сағаттарда да ақпарат таратамыз.
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06