Түркістандықтар референдумда ерекше белсенділік танытты
Елімізде референдум учаскесі ең көп тіркелген Түркістан облысында бүгін тұрғындар айтарлықтай белсенділік танытты. Өңір тұрғындарының 84,3 пайызы дауыс берген.
Жалпы күні бойы Түркістан жұрты саяси оқиғаны ұлан асыр мерекеге ұштастырды. Референдум учаскесінің біріне ұлы көш керуенін бастаған мәдениет саласының өкілдері саяси науқанға ұлттық реңқ қосты. Түйе мінген Қыдыр ата, кимешек киген әжелер, бұрымды бойжеткендер мен серілер келіп, ұлттық дәстүр жаңғырды. Қыдыр ата ақ батасын беріп, игі шараға жиналған көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Ал өнерпаздар ән-жырдан шашу шашып, учаскеде рухани мерекенің лебі байқалды. Сайрам ауданында көкпаршылар мен байкерлер де дауыс беруге қатысты. Ұлттық спорт пен еркіндік рухын серік еткен азаматтар ел болашағына бейжай қарамай, өздерінің азаматтық ұстанымын танытты. Ал Кентаудың кимешек киген әжелері референдум учаскесінде шашу шашып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көпке батасын берді.
Мырзахмет Бекжігітов, Хантағы ауылының тұрғыны:
Еліміздің өсіп өркендеуіне, осы жастарымыз куә болады. Осы өсіп өнсін жастарымыз. Қазақстаннның бүкіл әлемге аты шығатындай дәрежеге жетуін нәсіп етсін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы