Әлем баспасөзі: Референдум
Бүгінгі референдум әлем баспасөзінің де назарынан тыс қалмады. Енді сол материалдардың кейбіріне шолу жасасақ:
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл жолы қазақстандықтардың белсенділігі 2024 жылғы референдумнан асып кеткен. Сонымен қатар, ресейлік тілші Мәскеу жоғары оқу орындарында оқитын студенттеріміздің таңдау жасау үшін елшілік табалдырығын құлшыныспен аттағанын да ерекше атап өтіпті.
Осы тақырыпқа Қырғыздың «24.KG» жаңалықтар порталы да мақала жазды. Онда референдумның заңды саналуы үшін кемінде 6,2 миллион дауыстың жеткілікті екені айтылған.
«Рейтер» болса, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауыс беріп жатқан сәті бейнеленген суреттерді жариялап, Қазақстанды Орта Азияның ең алып экономикасы деп атады. Сонымен қатар, халықаралық агенттік Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының референдумға қатысып жатқаны туралы бірталай фото жариялады.
Бүгінгі біздегі оқиғаға түріктің маңдайалды жаңалықтар агенттігі – «Анадолы» да назар аударған. Оның дерегінше, шетелдегі қазақстандықтар үшін 54 мемлекетте дауыс беру бөлімшелері ашылған. Және де бұл мақалада түрік парламентінің депутаты Осман Местеннің «референдумның Қазақстан халқы мен мемлекеті үшін аса маңызды» деген пікірі де жарық көрген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы