Басты Жаңалықтар Ауыл тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысты

Ауыл тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысты


Саяси науқанға ауылдағы ағайындар да белсенді қатысты. Жетісу облысы Сарқан елді мекенінің тұрғындары күнделікті тұрмыс-тіршілігінен бір сәт уақыт тауып, дауыс беру учаскелеріне жиналды. Тұрғындардың пікірінше, мұндай маңызды кезеңде халықтың бірлігі мен азаматтық жауапкершілігі анық байқалады.

Әділ Шүкірбаев бұл күнді асыға күткендердің бірі. Қорадағы малын жайғап, таңғы тірлігін тәмамдап, дауыс беру учаскесіне келді. Үш баланың әкесі бұл кезеңнің перзенттерінің болашағы үшін маңызды екенін айтады. Сондықтан жалпыұлттық референдумнан тыс қалмадым, – дейді.

Әділ Шүкірбаев, ауыл тұрғыны:

Малымды жайғап, тірліктерімнің барлығын бітіргеннен кейін осы дауыс беруге келдік. Менің 3 балам бар. Бүгінгі таңдауға келгенім болашақ балама әсер етеді. Жұбайым да белсенді дауыс беруге қатысып тұрады.

Дауыс беру учаскелеріне Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 100-ге жуық қорықшысы да келді. Табиғат сақшылары бұл референдум ел үшін елеулі кезең екенін айтады. Сондықтан олар азаматтық борыштарын орындап, дауыс беруге белсенді қатысты.

Молдахан Жанарбек, Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бөлім басшысы:

Саяси науқандарға қатысу, біріншіден, әрбір қазақстандықтың борышы деп санаймын. Екіншіден, осы мемлекетте қызмет атқарғаннан кейін, табиғатты қорғау саласында жүргеннен кейін, барлығымызға бүгінгі референдумға қатысуға міндеттімін деп ойлаймын.

Сарқан ауданында 37 мыңнан астам тұрғын бар. Оның 25 мыңға жуығы дауыс беруге құқылы. Олар үшін аймақта 34 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді.

Мұратбек Естеуов, Сарқан аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы:

Бүгінгі референдумға Сарқан ауданының тұрғындары жақсы қатысуда. Көңіл күйлері көтеріңкі. Байқаушылардың саны – 62. Олар өздеріне берілген міндеттемелерді барлығын толық жасап, осы учаскелерде.

Аймақ халқы саяси науқанда белсенділік танытуда. Тұрғындардың айтуынша, референдум арқылы ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады.


Бөлісу