Басты Жаңалықтар Астана халқы биыл өте белсенді

Астана халқы биыл өте белсенді

Астана тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр. Аурухана, перзентханада да учаскелер ашылған. Бірер күн бұрын дүниеге перзент әкелген Айсұлу Хангелді солардың бірінде өз таңдауын жасады.

Айсұлу Хангелді, Астана тұрғыны:
Перзентханада болғаныма қарамастан, мен өзімнің азаматтық борышым деп санаймын. Әрбір азаматтың таңдау жасауы маңызды деп ойлаймын бұл референдумда. Әрбір жас ата-ана мен сияқты дүниеге енді бала әкеліа жатқан рефрендумға бейжай қарай алмаймыз. Өз таңдауымызды балаларымыздың болашағы үшін жасаймыз.
Жалпы қазір елімізде 10388 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 92-сі аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімі бойынша жұмысын сағат 6.00-де бастады. Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, бас-аяғы 12 жарым миллионға жуық азамат таңдау жасауға құқылы. Сонымен бірге учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін 17 514 есептен шығару куәлігін берген. Яғни жұмыс бабы немесе отбасылық жағдайға байланысты басқа өңірлерде жүрген азаматтар, сол жерде дауыс бере алады. Әскери бөлімдер мен емдеу мекемелеріндегі адамдардың саны шектеулі болғандықтан, дауыс беру уақытынан бұрын тоқтауы мүмкін. Ал, қалған учаскелер кешкі 20:00-ге дейін ашық болады. Перзентханаларда да дауыс беру осы уақытқа дейін тоқтамайды.
Айта кетсек, Астанада жыл сайын 30 мыңдай бала дүниеге келеді. Дауыс беруге асыққан аналар осы балапандардың болашағы үшін сайлауға қатысу – біздің азаматтық борышымыз, - дейді.


Бөлісу