Референдум күні 760 учаске жұмыс істейді
Ақмола облысы бойынша жалпыұлттық референдум күні 760 учаске жұмыс істейді. Барлық дауыс беру учаскелері сақадай сай. Мәселен, Көкшетаудағы №730 учаскесі дауыс беруге қажет материалдық-техникалық жабдықтармен түгел қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға таңдау жасау бұрышы жасақталып, тактильді жолақтар дайындалған. Есту және көру қабілеті нашар азаматтар үшін Брайль қарпіндегі трафареттер мен арнайы құлаққаптар қойылған. Ал 4,5 мыңға жуық комиссия мүшесінің 89 пайызының референдум өткізу бойынша тәжірибесі бар. Жалпы, өңірде 511 мыңнан астам азамат дауыс беру құқына ие.
Ерлан Бегайдаров, №730 референдум учаскесінің төрағасы:
Жалпы, референдумға дайынбыз. Бюллетеньдер алынған. Бюллетеньдер сейфте мөрмен тұр. Полиция қызметкерлері күзет ұйымдастырып отыр. Қауіпсіздік, біздің ғимаратта жалпы бейнебақылау бар. Оның үстіне күллі қауіпсіздік қызметі келіп тексеріп, сол тексеруден бәрінен өттік.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06