Ел қалаларында өткен шерулерге мыңдаған адам қатысты
Бүгін Ирактың батысында АҚШ-тың ұшағы құлап, экипаждың алты мүшесінің төртеуі қаза тапты. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. Дегенмен әуе машинасы шабуылдан немесе абайсызда құлатылды деген болжам жоққа шығарылып отыр. Ал Иран қалаларында «әл-Құддыс» күніне орай ауқымды шерулер өтіп, оларға мыңдаған адам қатысты. Тұрғындар АҚШ пен Израильдің туларын өртеп, Аятолла Әли Хаменеиді еске алды. Бүгінгі шеру кезінде Тегеранда жарылыс болып, бір әйел қаза тапқан. Ирандағы соғысқа байланысты бірер сағат бұрын Пентагон басшысы баспасөз маслихатын берді. Оның сөзінше, Ислам Республикасының жаңа лидерлері айтарлықтай жараланған.
Пит Хегсет, АҚШ қорғаныс министрі:
Иран билігінің жағдайы жақсы емес. Олар амалсыздан жасырынып жүр. Біз білеміз – өзін осы елдің жаңа жоғарғы лидері деп атаған адам жаралы болса керек. Кеше ол мәлімдеме жасады. Бірақ сол үндеуде не дауыс, не бейнекадр жоқ.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13