Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
Бүгін Ирактың батысында АҚШ-тың жанармай құюшы ұшағы құлап, экипаждың алты мүшесінің төртеуі қаза тапты. Құрама Штаттар Орталық қолбасшылығының хабарлауынша, қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр. Дегенмен әуе машинасы жаудың шабуылынан немесе абайсызда құлатылды деген болжам жоққа шығарылып отыр.
Ал Иран қалаларында «әл-Құддыс» күніне орай ауқымды шерулер өтіп, оларға мыңдаған адам қатысты. Демонстрация барысында тұрғындар АҚШ пен Израильдің туларын өртеп, соғыстың басында өлтірілген Аятолла Әли Хаменеиді еске алды. Шеру кезінде Тегеранның орталығында жарылыс болған. Оның себебі белгісіз.
Иранда палестиналықтарды қолдап, Израильге қарсылық білдіруге арналған «әл-Құддыс» күні жыл сайын Рамазан айының соңғы жұмасында осындай демонстрациялармен өтеді. Израиль болса, кешеден бері Ислам Республикасының орталығы мен батысында 200-дей нысанды қиратқанын хабарлады. Ал Тегеран көрші елдерге тағы да зымырандармен соққы беріп, Құрама Штаттар мен ЦАХАЛ-дың Иранның алысқа ұшатын қаруының көбін істен шығардық деген сөзіне күмәнді күшейтіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы