Иранда соғыстан 2 мыңдай адам қаза тауып, миллиондағаны үйлерін тастап кетті
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғалы үшінші аптаға жақындап қалды. Қарулы қақтығыстан Ислам Республикасы мен Ливанда 2 мыңдай адам қаза тауып, миллиондағаны үйлерін тастап кетті.
Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи алғаш рет мәлімдеме жасап, америкалық базаларды жаппаса, көршілері нысанаға алынатынын ескертті. Бұған қоса, ол әлем мұнайының бестен бірі өтетін Ормұз бұғазын жабық ұстауға шақырды.
Осы телевизиялық үндеуден кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху соғыс басталғалы бірінші рет баспасөз маслихатын өткізді
Биньямин Нетаньяху, Израиль Премьер-министрі:
«Мен террористік ұйымның бірде-бір лидеріне өмірді сақтандыру полисін бермес едім. Және де мен қазір осы мәселеге байланысты алдағы жоспарларымыз бен тындыратын шаруаларымыз жайлы нақты мәлімет ұсынғым келмейді».
Дегенмен Иран өткен тәулікте де Кувейтке, Оманға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Иракқа, Бахрейнге дрондармен соққы берді. Осындан соң Америка мен Израильдің бұл мемлекеттің ұзақ қашықтыққа арналған қаруын жойдық деген мәлімдемелеріне күмән күшейіп келеді.
Энергетикалық нарықтағы жағдайға келсек, АҚШ-тың қаржы
министрлігі Ресейдің теңізде тұралаған танкерлеріндегі мұнайды өзге елдердің
сатып алуына 30 күн рұқсат берді. Осы хабардан кейін биржаларда Brent маркалы
шикізаттың бағасы 99 долларға дейін арзандаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы