AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
AI-Sana бағдарламасы студенттердің жаңа легін қабылдауға дайын. Қазірдің өзінде «Ғылым қорына» 150 мыңнан астам өтінім түскен. Бірінші кезеңде 700 мыңға жуық түлек сертификат алған. Екінші кезеңде 100 мың студентті қамту жоспарланып отыр. AI-Sana - бұл жасанды интеллектінің негіздерін оқытатын отандық бағдарлама. Оның аясында студенттер әлемдік трендтерді меңгеріп қана қоймай, нақты тапсырмалармен жұмыс істейді, командалар құрады және экономикада сұранысқа ие жобаларды әзірлейді. Бағдарламаға шетелдік сарапшылар, әлемнің жетекші университеттерінен мамандар тартылған. Бұған «Қазақстан халқына» қоры қаржылай қолдау көрсеткен.
Арман Ашкин, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы:
Жобалар венчурлік инвестицияларды тартады. Мемлекет тарапынан грант қаржыландыру, инновация, коммерцияландыру гранттарын тартады. Жалпы, 2025 жылы біздер 16 миллиард теңге бөлген болсақ, бизнес тарапынан 8 миллиард қаржы бөлінген болатын. Бұл нені білдіреді? Бизнес отандық ғылымға сеніп өзінің қаражатын бөліп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06