Жаңақорғанда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен салынды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеп, сұрыптайтын кешен салынды. Жоба «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асқан.
Жаңақорған кентінде бүгінде 40 мыңға жуық халық бар. Аудан орталығында күніне мыңдаған тонна тұрмыстық қалдық полигонға жеткізіледі. Осыншама қоқысты кәдеге жарату үшін жергілікті әкімдік экологиялық жоба әзірлеп, 159 миллион теңгеге қалдықтарды сұрыптап өңдейтін жабдықтар орнатқан. Кешен іске қосылған кезде тәулігіне 20 мың тонна тұрмыстық қалдық өңделеді.
Семсер Сыздықов, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары:
Экологиялық ахуалды жақсарту жалпы халықтың күнделікті шығаратын тұрмыстық қалдықтарын тиімді пайдалану, оны қоршаған ортаға зиянсыз пайдалану мақсатында бізде жоба дайындалды. Бүгінгі таңда құрал-жабдықтары барлығы толық келді. Іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19