Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады. Осыған орай су тұтыну көлемін ерте болжайтын жаңа жүйе әзірленіп жатыр. Ол арқылы еліміздің оңтүстігіндегі суару арналары мен инфрақұрылымына қатысты бірыңғай деректер базасы жасалады. Сондай-ақ жаңа жүйе суармалы жерлердің нақты шекарасын анықтап, егіс алқаптарын ғарыштық бақылау арқылы тексереді. Ең бастысы-су саласындағы қызметтер кезең-кезеңмен цифрлық форматқа көшеді. Яғни, енді су алуға өтініш беру, келісімшарт жасау және су тұтынуды есепке алу онлайн жүргізіледі. Ал ғарыштық мониторинг суды заңсыз пайдалану немесе рұқсатсыз суару фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, бұл жүйе су тапшылығының алдын алып, ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалануға жол ашады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06