163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 1 наурыздағы мәліметке сәйкес, 30,3 мың отбасы осы қолдауды алып отыр. Оларға жалпы 5,2 миллиард теңге төленген. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 62,7 миллиард теңге қарастырылды. Атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты – табысы төмен отбасыларды қолдау және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа тарту. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша төлем беріледі. Қазірдің өзінде 50 мыңнан астам балаға 618 миллион теңгеден астам төлем жасалған. Өтінішті мансап орталықтарында, ауыл әкімдіктерінде немесе eGov порталы арқылы беруге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06