Жетісу облысында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді
Жетісу облысының Матай ауылында спорт залымен біріктірілген жаңа мәдениет үйі ашылды. 4 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенде бұрын-соңды мұндай нысан болмаған. Енді міне, аймақ халқы 3 түрлі үйірмеге қатысып, уақытын тиімді өткізе алады. Мәдениет үйі басшылығының айтуынша, алдағы уақытта тағы үйірмелер ашылады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, мұнда 180 орындық көрермен сондай-ақ акт залы бар. Одан бөлек волейбол, баскетбол, мини-футбол және үстел теннисіне арналған спорт залы мен тренажер залы жұмыс істейді. Тұрғындардың пікірінше жаңа нысан ауыл тұрғындарының мәдени демалып, спортпен айналысуына мүмкіндік береді.
Қолғанат Сәмбетов, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы:
Ел, Азия, Әлем біріншіліктерінен жеңімпаз болып, жүлдегер болып келіп жатқан жастардың қатарын асырады деп ойлаймын. Жалпы бұқаралық спортты дамытып, біздің жастардың салауатты өмір салтын нығайтуға үлкен үлесін қосады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06