Соғыс басталғалы Иранда 1300-ден астам адам қаза тапты
Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи, әкесі АҚШ пен Израильдің соққысынан мерт болған сәтте жеңіл жараланған. Мұны бүгін «Рейтер» агенттігі Ислам Республикасы үкіметінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады. Айта кетсек, Моджтаба Хаменеи басшылыққа сайланғаннан кейін әлі көпшілік алдына шыққан жоқ. Бұл мемлекетте екі елдің шабуылдары басталғалы 1300-ден астам адам қаза тапты. Құрбандардың қатарында жоғары лауазымды қолбасшылармен қатар әйелдер мен балалар бар.
Эсмаил Багаи, Иран сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы:
Соғысты әлемдік екі тиран бастады. Біз – өткеннен сабақ алған елміз. Және де соғысты бастағым келсе бастаймын, аяқтағым келсе аяқтаймын дегенге жол бергіміз келмейді. Мұндайды ирандықтар қабылдай алмайды.
Құрама Штаттар мен Израиль әуе күштері бүгін де Иран қалаларын бомбалады. Тегеран екі қарсыласынан кек алу үшін Американың Таяу Шығыстағы Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Бахрейн тәрізді одақтастарын нысанаға алды. Және де Иран аймақтағы банктер мен қаржы ұйымдарын қирататынын ескертті. Дубайдың халықаралық әуежайының жанына екі дрон құлап, 4 адам жараланды. Ал Парсы шығанағында Иранның соққысынан үш сауда кемесі зардап шекті. Солардың бірі Таиланд туымен жүзіп бара жатқанда шабуылға ұшыраған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы