Тегеран Таяу Шығыс елдеріндегі банк ғимараттарын атқылайтындарын ескертті
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы жалғасып жатыр. Тегеран екі қарсыласынан кек алу үшін Американың Таяу Шығыстағы одақтастарын тағы да нысанаға алды.
Сонымен қатар Иран бүгін Парсы шығанағында үш сауда кемесін шабуылдады. Зардап шеккен су көліктерінің бірі Таиланд туымен жүзіп бара жатқан.
БАӘ
Дегенмен жергілікті Медиа кеңсенің хабарлауынша, әлемнің аса қарбалас авиациялық портында әуе сапарлары жалғасып жатыр. Сонымен қатар Ислам әскерилері Таяу Шығыс елдеріндегі америкалық және израильдік банктер мен қаржы институттарын қирататуға кірісетінін ескертті. Айта кетсек, дәл осы Дубайда, Сауд Арабиясында және Бахрейнде бірталай халықаралық қаржы ұйымы орналасқан.
Иран
Ал Иран полициясының жетекшісі Ахмадреза Резан мемлекеттік телеарнаға сұқбат беріп, қауіпсіздік күштерінің шеруге шыққан адамдарды демонстрант емес, жау деп қарастырып, шара қолданатынын ескертті.
Ливан
Ливанда да соғыс жүріп жатыр. Израиль мұнда наурыздың 2-нен бері 570 адамды мерт қылған. Айта кетсек, бұл операцияны жергілікті «Хезболла қозғалысы Иранды жақтап, еврей мемлекетің солтүстігіне жаппай зымыран жаудырғаннан кейін бастады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы