Басты Жаңалықтар Білім мен ғылым – Конституция жобасының өзегі

Білім мен ғылым – Конституция жобасының өзегі

Конституцияның жаңа жобасында адами капиталды дамыту мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде айқындалды.

Сонымен қатар, білім беру жүйесін жаңғырту арқылы жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру көзделеді. Бұл шаралар елдің тұрақты дамуына және инновациялық экономика қалыптастыруға берік негіз қалайды.

Сауалнама:

-         Конститутциялық жаңа жобада экологиялық мәселелер нақты айқындалып, экологиялық мәселелер тек міндет ретінде емес адам құқықтарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған.
  
-         Ғылым мен білім саласындағы өзгерістер мен нормаларды өте қатты қолдаймын. Дәл қазіргі уақытта ол білім сапасы мен білім алу және де ғылым ерекшеліктеріне толыққанды даму кепілдігін беріп отыр. Бұл деген жастардың дәл қазіргі уақытта инновациялық жобаларда, ғылыми зерттеулерде және білім алуға мүмкіндік береді.
 
-         Жаңа Конституцияның жобасымен толыққанды таныстым. Өзім студент болғандықтан маған білім, ғылым және инновация бағыты өте ұнады. Болашақта Қазақстанның дамуы, бұдан әрі жылжуы үшін ғылымның дамуы өте қатты керек деп ойлаймын. Болашақта осы бап арқылы мемлекет тарапынан ғалымдарға деген қолдау одан әрі күшейеді деп санаймын.


Бөлісу