Соғыс басталғалы Иранда 1300-ден астам адам қаза тапты
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы 11-ші күнге ұласты. «Рейтер» агенттігі хабарлағандай, осы уақыт ішінде Американың 150-ге жуық жауынгері жараланған. Бірақ олардың 108-і сапқа қайта тұрған.
Ал АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы Ормұз бұғазында Иранның мина қоюшы 16 катерін жойғанын мәлімдеді. Дегенмен, президент Дональд Трамптың өзі мойындағандай, әлем мұнайының 20 пайызы өтетін бұл су жолына Ислам Республикасының жарылғыш зат қойғаны жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Сонымен қатар Америка мен Израиль соңғы сағаттарда Тегеранға тағы да соққы берді. Жергілікті тұрғындар өткен тәуліктің үреймен өткенін айтады. Жалпы алғанда, соғыстың басынан бері Иранда 1300-ден астам адам қаза тауып, ондаған медициналық мекеме қирады. Құрбандардың ішінде жүздеген әйел мен бала бар.
Бұл шабуылдарға жауап ретінде өткен тәулікте Иран еврей мемлекетімен бірге Сауд Арабиясына, Бахрейнге ракеталармен, дрондармен соққы берді. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы