Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
Бүгін Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская Көкшетау жоғары техникалық колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесті.
Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Халық қалаулысының айтуынша, жаңа Ата заң жобасы дәстүр мен инновацияны үйлестіре отырып, әділ әрі жаңарған қоғам құруды мақсат етеді. Ұстаздар қауымы білім беру саласына қатысты баптарға назар аударды. Себебі басты құжатта білім мен ғылым стратегиялық басымдық ретінде айқындалып отыр.
Юлия Кучинская, Мәжіліс депутаты:
Кездесуде біз елдің саяси жүйесінің архитектурасын өзгерту мәселелеріне көп көңіл аудардық. Сонымен қатар жастардың ел өміріне етене араласып, өз пікірін ашық жеткізе алатынына мән бердім. Жалпы жаңа Конституцияның жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандығы күшейтіледі және жеке тұлғаның қадір-қасиетін қорғау конституциялық норманың негізіне айналып отыр. Осы ретте Миранда принципін де түсіндіріп өттім. Бұл жаңа жобаның маңызды тұстарының бірі деп санаймын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00