Экологиялық әдеттер бала кезден басталады
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанадағы Эко-хаб мектеп оқушылары үшін арнайы іс-шара өткізді. Бұл бастама балалар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. Айта кетсек, Елордада ашылған Эко-хаб қалдықтарды қабылдап қана қоймай, оны қайта өңдеуді, кәдеге жаратуды жұртшылыққа үйретеді. Мамандар сөзінше, мұндай мазмұнды жиын жастардың қоқысқа деген көзқарасын өзгертеді. Балалар қазір қалдықты сұрыптаудың маңызын ұғынса, оны өңдеу де жеңілдейді.
Гүлнара Хан, жоба жетекшісі:
Былтыр қыркүйекте біз осы тамаша кеңістікті аштық. Қазіргі күні «Эко-хаб» тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырумен айналысып жатыр. Кітапхана жүйесімен бірлесіп, оқушылар үшін бүгінгі шараны ұйымдастырдық. Мұның маңызы зор деп білем. Өйткені, балалар қоқысты сұрыптауды үйренсе, біз келешекке табиғи таза ортаны қалдыра аламыз.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инклюзивті білім: Ерекше балаларға қандай қолдау бар?
28.10.2026, 18:38
Қайтарылған активтер есебінен салынған нысан жұмысын бастады
28.10.2026, 17:38
Ел жаңалықтарына шолу
28.10.2026, 17:20
Жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы оқырманға жол тартты
28.10.2026, 17:19
Білім берудің заманауи үрдісі
28.10.2026, 17:19
Фандоматтар арқылы 5 миллионнан астам пластик бөтелке мен алюминий құты жиналды
28.10.2026, 17:18
Алматыда үздік ұстаздар автокөлік мінді
28.10.2026, 17:15
7 жылда 800 мыңнан аса көлік шығарылды
28.10.2026, 17:14