Басты Жаңалықтар Ақмола облысында қызылшамен ауырған 66 курсанттың бәрі жазылды

Ақмола облысында қызылшамен ауырған 66 курсанттың бәрі жазылды

Ақмола облысындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызылшамен ауруханада жатқан соңғы кадеті сауығып шықты.

Естеріңізге салайық, осыдан бір ай бұрын Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орнының 70-ке жуық кадеті өткір вирустық инфекция белгілерімен облыстық балалар ауруханасына түскен болатын. Бүгінде әскери колледждегі жұқпалы ауру ошағы толығымен жойылды,-дейді жауапты мамандар. Жалпы, жыл басынан облыста 77 адам қызылша жұқтырған. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 1,2 есеге төмен. Десе де, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бүгінде 6-11 айлық балалар мен медицина қызметкерлерін қосымша иммундау жүргізілуде. Себебі, ақпан айында Көкшетауда медицина қызметкерлері қызылша жұқтырып, облыстық көпсалалық балалар ауруханасының 3 бөлімшесі карантинге жабылған болатын.

Инара Оспанова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Ауру жағдайларының негізгі үлесі бойынша Бурабай ауданында 74% тіркелді. Кәсіби құрамы бойынша 77,1 % - ол әскери қызметшілер мен кадеттердің арасында, 14,3%  ұйымдастырылмаған балалар арасында, 1,3 пайыз медицина қызметкерлері, мектеп оқушылары арасында да 1,3 %.  6% басқа, өзге тұрғындар арасында тіркелген болатын.


Бөлісу