Ақмола облысындағы колледж ұжымы коалиция өкілдерімен әңгімелесті
Ақмолалық коалиция мүшелері білім беру мекемелерінің ұжымдарымен кездесті. Колледжде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Жаңа Ата заңның әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы түсіндірілді. Ұстаздар қауымы білім беру саласына қатысты баптарға назар аударды. Себебі, басты құжатта білім мен ғылым стратегиялық басымдық ретінде айқындалып отыр. Сондықтан жастардың сапалы білім алуына конституциялық кепілдік берілгені сөз болды.
Салтанат Смақова, Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің кітапханашысы:
Мен жаңа Конституцияның жобасымен танысып шықтым. Өзім кітапханашы болғаннан кейін маған білім, ғылым және инновацияны дамыту жөніндегі бапты әсіресе қолдаймын. Елімізде білім ғылым жолында жүрген жастар өте көп. Енді олардың ғылыми жобаларына мемлекет тарапынан қолдау күшейеді деп есептеймін.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00